Alash Pride жауынгерлер клубының спортшысы Қуат Хамитов RUFF-13 додасындағы кездесуін уақытынан бұрын аяқтады.

Қытайда өтіп жатқан жарыста Қуат жергілікті спортшы Чжу Циньсянмен кездесті. Алғашқы раундтың аяқталуына екі минут қалғанда Хамитов қарсыласын «қылқындырып» жеңіске жетті.

Назарларыңызға сол жекпе-жектен видеошолу.