5 шілдеде қазақстандық былғары қолғап шебері  Роман Жайлауов Австралияда кезекті жекпе-жегін өткізбек. 

Боксшының бұл жолғы қарсыласы - австралиялық Кэмерон Хаммонд. Бұл туралы Еуразиялық-Тынық мұхиты бокс кеңесінің (EPBC) ресми сайты хабарлайды, деп мәлімдеді ҚазАқпарат.

10 раундтық додада WBC нұсқасы бойынша жартылай орта салмақ дәрежесінде EPBC чемпионы титулы тігіліп отыр.

Боксшылардың екеуі де кәсіби шаршы алаңда жеңіліп көрмеген. Роман Жайлауов  12 жекпе-жекте жеңіп, оның 8-ін нокаутпен аяқтаса, К.Хаммон 9-ында үздік атанып, төртеуін мерзімен бұрын тәмамдады.

Айта кетейік, Роман Жайлауов елордалық бокс мектебінің тәлімгері, спорт шеберіне кандидат. Өткен жылғы мамырда ол Азия чемпионы титулын жеңіп алды. Әр жылдары бокстан Қазақстанның біріншіліктерінде күміс жүлдегер және чемпион атанып жүрді.