Сан-Паулудағы футболдан әлем чемпионатының ашылуы – Бразилия мен Хорватия құрамалары күш сынасатын біріншіліктің алғашқы ойыны өтетін «Арена Коринтианс» стадионының жөндеу жұмыстары әлі күнге толық аяқталмаған, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Мәліметтер бойынша, 20 мың адамды орналастыру көзделген уақытша трибуналар құрылысы толық аяқталмаған. Оған қоса, стадион маңы құрылыс жұмыстарынан қалған қоқыстан тазартылмаған. Ал аренаның ВИП-бөлімдеріне жиһаздар енді ғана әкелініп жатыр. Ашылу салтанатында ойын-сауық шаралары өтетін орын да толық дайын емес.

Айта кетейік, Сан-Паулу стадионында Бразилия-Хорватия ойындарынан тыс Уругвай-Англия (19 маусым), Нидерланды-Чили (23 маусым), Оңтүстік Корея-Бельгия (26 маусым), 1/8 ойыны (1 шілде) және жартылай финал (9 шілде) кездесулері өтеді.