«Атлетиконың» бразилиялық шабуылшысы Диего жақын арада түркиялық «Фенербахчемен» келісімшартқа отырады.

Бұл туралы түркиялық команданың президенті Азиз Ийлдирим мәлімдеді.

«Диегомен келісімге келдік. Бірақ, ресми түрде трансферді тек қана келесі айда жариялаймыз», - деді Ийлдирим.

Естеріңізге сала кетсек, осы маусымда Диего мадридтік «Атлетико» сапында Испания чемпионы атанды.