Улан-Баторда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы күрестен Азия чемпионатының соңғы күнінде  күресшілер алты салмақ бойынша жүлделі орындарды сарапқа салды: 55, 60, 66, 74, 84 және 96 келіге дейін.

Құрлықаралық додада Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальды Елхан Асадов (84 келіге дейін) жеңіп алды. Ол финалда тәжікстандық Баходур Кадыровты жеңді.

Үш қазақстандық қола медаль алды – бұлар Қуат Әміртаев (60 келіге дейін), Ілияс Жұмаев (66 келіге дейін) және Александр Гольцман (74 келіге дейін).

8 маусымда медальдар осылай бөлінді:

 

Еркін күрес

55 келіге дейін

1. Улугбек Жолдошбеков (Қырғызстан)

2. Атринагарчи Реза (Иран)

3. Ким Гук Чжон (Оңтүстік Корея)

3. Занабазар Занданбуд (Моңголия)

 

60 келіге дейін

1. Садегикукандеш Иман (Иран)

2. Сирожиддин Хасанов (Өзбекстан)

3. Юши Сакамото (Жапония)

3. Қуат Әміртаев (Қазақстан)

 

66 келіге дейін

1. Язданичарати Хасан (Иран)

2. Юи Фудзинами (Жапония)

3. Турболд Ганболд (Моңголия)

3. Ильяс Жумай (Қазақстан)

 

74 келіге дейін

1. Музафариджубайри Реза (Иран)

2. Кирин Киношита (Жапония)

3. Абдурасул Вахобов (Өзбекстан)

3. Александр Гольцман (Қазақстан)

 

84 келіге дейін

1. Елхан Асадов (Қазақстан)

2. Баходур Кадыров (Тәжікстан)

3. Шарма Каранвир (Индия)

3. Голейдж Моджтаба (Иран)

 

96 келіге дейін

1. Джамшидин Педррам (Иран)

2. Даия Паван (Индия)

3. Ван Ченчен (Қытай)

3. Юсуке Йосикава (Жапония)