8 маусымда «Критериум Дофине» велододасы бастау алды. Бұл турнир «Тур де Франс» суперкөпкүндігіне дайындық барысында өтіп жатыр. Бірінші кезеңде шабандоздар Лион көшесі бойынша 10,4 шақырымды индивидуалды түрде басып өтті.

Алғашқы күнде Sky командасының британиялық спортшысы Кристофер Фрус жеңіске жетті. екінші орынды Tinkoff-Saxo-дағы испаниялық Альберто Контадор місе тұтты. ал үздік үштікті голландиялық Боб Юнгелс (Trek Factory Racing) түйіндеді. «Астананың» капитаны Винченцо Нибали Фрумнан 13 секундқа қалып, 8-орынды тағы төрт спортшымен бөлісті.

«Критериум Дофине» велододасы. Жалпы есеп. 1-кезеңнен кейінгі жағдай

1. Кристофер Фрум (Великобритания, Sky) – 0:13:13

2. Альберто Контадор (Испания, Tinkoff-Saxo) – + 00:08

3. Боб Юнгелс (Нидерланды, Trek Factory) – + 00:09

4. Эндрю Талански (США, Garmin-Sharp) – + 00:11

5. Вилко Келдерман (Нидерланды, Belkin) – + 00:11

6. Ларс Боом (Нидерланды, Belkin) – + 00:12

8. Винченцо Нибали (Италия, Astana Pro Team) – + 00:13

24. Якоб Фульсанг (Дания, Astana Pro Team) – + 00:19

30. Лиуве Вестра (Нидерланды, Astana Pro Team) – + 00:22

32. Андрей Гривко (Украина, Astana Pro Team) – + 00:23

45. Танел Кангерт (Эстония, Astana Pro Team) – + 00:30

76. Дмитрий Груздев (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 00:42

92. Андрей Зейц (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 00:49

137. Алессандро Ванотти (Италия, Astana Pro Team) – + 01:13