Болгариялық «Ботевтің» бұрынғы бас бапкері Станимир Стоилов жақын арада елордалық «Астананың» тізгінін ұстайды. Стоилов жаңа жұмысында жылына 500 000 еуро алатын болады.

Бұл туралы болгариялық басылым хабарлауда. Дереккөзге сүйенсек, келісім соңғы сатыға келді. Аталмыш маманның таңдалу себебі «Ботевтің» Еуропа лигасы аясында «Астанаға» қарсы тамаша ойнауында.