Мамыр айындағы болған матчтарды мұқият қарап «PROСПОРТ» позициясында үздік атанып, өзін жақсы қырынан көрсеткен ойыншыларды анықтады. Ең қызығы, біздің топ-парағымызға мамырда өткізген барлық алты кездесуінде де жеңіске жетіп, өз қақпасына бір гол да жібермеген команданың бапкері мен алты ойыншысы кірді!

 

Андрей Сидельников

Клуб: «Ақтөбе»

Позиция: Қақпашы

Минуттар: 553

Сэйвтер: 19

Жіберген голы: 0

Сидельников алдыңғы ойындарында көрсеткен деңгейді керемет ұстап келе жатыр. Қазіргі кезде Владимир Никитенко командасы Қазақстан Премьер-лигасында көш бастап келе жатыр. Бір айта кетерлік жайт, «Ақтөбе» мамыр айында өткізген кездесулерінің бәрінде де өз қақпасын голдан аман сақтаған. Әрине, осындай жақсы нәтижеге Сидельниковтың қосқан үлесі мол, команданы бірнеше мәрте қиын жағдайдан алып шыққан да осы қақпашы.

Қазақстанның нөмірі бірінші қақпашысы барлық матчқа қатысып, жалпы алғанда 64 сэйв жасаған екен. Андрейдің сенімді ойыны ел чемпиондарының қорғанысқа аса көп алаңдамауына мүмкіндік береді.

 

Алексей Мулдаров

Клуб: «Ақтөбе»

Позиция: орталық қорғаушф

Минуттар: 553

Соққылар (қақпа аңғарына): 3 (2)

Голдар: 0

Нәтижелі пастар: 0

Ойын тәртібін бұзды: 12

Оған қарсы ереже бұзылды: 6

Берілген пастардың саны: 279

Ұтымды жекпе-жектердің саны: 57

«Ақтөбе» өткен айда гол жіберген жоқ. Әрине, бұда, күмәнсіз, команда қақпашысы Андрей Сиделниковтың еңбегі мол. Бірақ бұл тұста Никитенко командасының қорғанысы да аз рөл ойнамайды. Алексей Мулдаров мамырдағы барлық кездесуде де алаңға шықты. Ең қызығы, бас бапкер оны ойын ортасында ауыстырып көрмеген екен. Мулдар көп жекпе-жекте жеңіске жеткен, сонымен қатар, бірнеше мәрте дәл пасымен де ерекшеленеді. Мулдаровты таңдауымыз күмән тудырмайды деп ойлаймыз.

 

Ренат Абдулин

Клуб: «Атырау»

Позиция: орталық қорғаушы

Минуттар: 549

Соққылар (қақпа аңғарына):5 (1)

Голдар: 0

Нәтижелі пастар: 0

Ойын тәртібін бұзды: 8

Оған қарсы ереже бұзылды: 2

Берілген пастардың саны: 219

Ұтымды жекпе-жектердің саны: 82

Ренат Абдуллиннің сенімді әрі керемет ойынына бәрі куә болды, тіпті, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножанның да назарынан тыс қалмады. Аталмыш маман оны Венгрияға қарсы ойында командаға шақырған болатын. Әрине, қазір «Атырау» чемпионаттың басында көрсеткен әдемі ойынын көрсете алмай жүр, алайда Абдулиннің ойыны ерекше мақтауға лайық. Оның қорғаныстағы қыралығы команданы қарсыласының қауіпті шабуылдарынын аз құтқарып қалмады.

Абдулин «Атырау» сапында барлық мамырдағы кездесуде ойнады. Бірнеше жекпе-жекте жеңімпаз атанып шыққанын да атап өту керек.

 

Дмитрий Мирошниченко

Клуб: «Ақтөбе»

Позиция: оң қапталдағы қорғаушы

Минутытар: 457

Соққылар (қақпа аңғарына): 2 (1)

Гол: 1

Нәтижелі пастар: 0

Ойын тәртібін бұзды: 6

Оған қарсы ереже бұзылды: 3

Берілген пастардың саны: 204

Ұтымды жекпе-жектердің саны: 46

Жүрек ауруын емдегеннен кейін «Ақтөбенің» жас әрі болашағынан үміт күттірер ойыншысы Дмитрий Мирошниченко футбол қоғамында өзі туралы айтуға тағы да мәжбүр етті. Ақтөбелік клуб чемпионатта сүрінбей келеді, ал негізгі қорғаушының рөлін атқаратын Мирошниченко батысқазақстандықтардың  нәтижесінде қосқан үлесі зор.

Мирошниченко мамыр айында бір ғана кездесуде алаңға шыққан жоқ. Бұл – алматылық «Қайратқа» қарсы өткен матч. Қалған кездесулерде Дмитрийдің пайдасы көп болды, ал «Шахтерге» қарсы кездесуде гол да салды.

 

Заурбек Плиев

Клуб: «Қайрат»

Позиция: сол қанаттағы қорғаушы

Минуттар: 550

Соққылар (қақпа аңғарына): 6 (3)

Гол: 0

Нәтижелі пас: 0

Ойын тәртібін бұзды: 12

Оған қарсы ереже бұзылды: 5

Дәл пастардың саны:285

Ұтымды жекпе-жектердің саны: 50

Заурбек Плиев команданың бойтұмарына айналды десек артық емес. Ол өз жолдастары үшін кез-келген жерде болысады. «Қайрат» өз ойынын тауып келе жатыр, ад Плиев қазіргі алматылық клуб үшін өте маңызды тұлға, себебі оның қатысуынсыз болатын шабуылдарда жылдамдық болмайды. Сонымен қатар, Плиев шабуылда қалай ұтымды ойнаса, қорғаныста да солай көп тер төгеді. Тіпті, оны алдап кеткен жағдайда да Заурбек ойын тәртібін бұзу тактикасын қолданады. Сондықтан, осындай қорғаушыдан айналып өту қашан да қиын.

Плиев мамыр айында бір ғана кездесуді жіберіп алды. Ол ойнамаған жалғыз матч – семейлік «Спартакқа» қарсы өтті. Алайда, егер ол негізгі құрамда шығатын болса, Вайсс оны алаңнан алып тастамайды.    

 

Валерий Коробкин

Клуб: «Ақтөбе»

Позиция: артқы жартылай қорғаушы

Минуттар: 553

Соққылар (қақпа аңғарына): 4 (0)

Гол: 0

Нәтижелі пастар: 0

Ойын тәртібін бұзды: 17

Оған қарсы ойын тәртібі бұзылды: 9

Дәл пастарының саны:372

Ұтымды жекпе-жектердің саны: 73

Валерий Коробкин Никитенконың ойын схемасында жүйелі ойнай бастады, аталмыш маман осы артқы жартылай қорғаушыға көп сенім артады. Тиісінше Коробкин командаға келуіне қарсы болғандардың аузына құм құя алды. Валерий қарсыластарының шабуылдарын кері қайтарумен қоймай, жылдам пас беруде де қалыс қалмайды. Ол өте тәжірибелі ойыншы және футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ойнайды.

 

Бауыржан Исламхан

Клуб: «Қайрат»

Позиция: орталық шабуылдаушы жартышай қорғаушы

Минуттар: 550

Соққылар (қақпа аңғарына): 13

Гол: 0

Нәтижелі пастар: 3

Ойын тәртібін бұзды: 14

Оған қарсы ереже бұзылды: 12

Дәл пастардың саны: 291

Ұтымды жекпе-жектердің саны: 50

Жанкүйерлерінің арасында Батори деп танылған Тараз футбол мектебінің түлегі маусымды сүреңсіз бастады. Жоғарыда «Қайраттың» біріншілікті сәтсіз бастағаны айтылды, алайда «халық командасы» комбинациялы ойын көрсете бастады, ал Бауыржан Исламхан осы ұжымның негізгі ойыншысы атанды. Бауыржан «Қайрат» шабуылының дирижері және миы. Шабуыл барысында оның пастары шебер орындалады. Сондықтан әріптестері Баторидің келесі эпизодта қалай ойнайтынын ұқпай да қалады. Күмәнсіз, Исламхан дәл қазір еліміздің үздік лимитшілерінің бірі.

Батори мамырда «Қайраттың» барлық алты кездесуінде де алаңға шықты. Бұл кездесулерде ол 291 дәл пас беріп, гол соға алған жоқ. Бірақ шабуылдаушы жартылай қорғаушыға гол салу әрқашан талап етілмейді, солай емес пе?

 

 

Данило Неко

Клуб: «Ақтөбе»

Позиция: оң қапталдағы жартылай қорғаушы

Минуттар: 462

Соққылар (қақпа аңғары): 12 (3)

Голдар: 2

Нәтижелі пастар: 0

Ойын тәртібін бұзды: 14

Оған қарсы ереже бұзылды: 12

Дәл пастардың саны: 206

Ұтымды жекпе-жектердің саны: 67

Маусым басталмас бұрын бір ресейлік комментатор Неконы әлсіз ойыншы деп атаған болатын. Осыдан кейін көбісі оның шеберлігіне күмәнмен қарай бастады. Чемпионаттың орта беліне жетпей жатып олар өзінің қателескенін түсінді. Дәлірек айтқанда, Данило ойынымен дәлелдеді. Оның шабуылдағы ешкім күтпейтін қадамдары көп пайдасын алып келді, қарсыласының қорғанысын талай рет сан соқтырып кетеді. Бұл жерде «Ақтөбеге» қарсы бәрі де қорғаныста сақ болуды жөн көрседі, сондықтан қиялшыл Неко Никитенконың ойын схемасына сай келді.

Сонымен қатар, Данило өзінің негізгі рөлімен бірге, қорғаныста да көп көмектеседі. «Қайратқа» қарсы кездесуде ол 23 рет допты қарсыласынан тартып алған екен. Бұл көрсеткіш алаңда болған кез келген ойыншыдан жақсы. Қалған кездесулерде Неко қорғаныста дәл осылай пайдалы болмаса да, шабуылда төгетін тері мөлшерсіз.

 

Маркос Пиззелли

Клуб: «Ақтөбе»

Позиция: сол қанаттағы жартылай қорағушы

Минуттар: 164

Соққылар (қақпа аңғарына): 7 (5)

Голдар: 3

Нәтижелі пастар: 2

Ойын тәртібін бұзды: 0

Оған қарсы ереже бұзылды: 2

Дәл пастарының саны: 83

Ұтымды жекпе-жектердің саны: 11

Пизелли мамыр айындағы кездесулердің біреуінде ғана негізгі құрамда шықты. Сол кезде «Спартак» қақпасына бір гол салып, өз командасына жеңіс алып келген болатын. Қалған матчтарда бразилиялық армян ойынға тыңнан қосылып жүрді, бірақ оны айдың символикалық құрамасына қоспауға мүмкіндігіміз болмады. Осындай қосалқы ойыншыны ҚПЛ-дің барлық бапкері өз ұжымында көргісі келеді. Алаңға екінші таймда ғана шығып, Маркос екі рет көзге түсті. Аталмыш жартылай қорғаушының алаңда аз минут өткізгенін ескерсек, оны чемпионаттың тез гол соғатын ойыншылары қатарына қосуға болады. Пизелли 90 минут бойы алаңда жүретін кез келгенде «Ақтөбені» тоқтату қиынға соғады.

 

Римо Хунт

Клуб: «Қайсар»

Позиция: шабуылшы

Минуттар: 446

Соққылар (қақпа аңғарына): 23 (6)

Голдар: 4

Нәтижелі пастар: 0

Ойын тәртібін бұзды: 14

Оған қарсы ереже бұзылды: 5

Дәл пастардың саны: 54

Ұтымды жекпе-жектердің саны: 64

«Қайсар» – Қазақстан чемпионатының сенсациясы. Үлкен бюджетке ие болмаса да, Дмитрий Огай командасы аутсайдерлерге қарсы матчтарда ғана емес, чемпиондық сайыстың басты фаовриттерімен де жақсы көрінеді. Қызылоралық клуб мамырда «Спартак», «Атырау» (Хунттың еншісінде дубль), «Жетісу» (Хунт бір рет көзге түсті), «Тараз» (Римоның қанжығасы тағы майланды) бен «Астанадан» ұпай тартып алды. Осылайша, ол осы айда көп гол салғынын көрдіңіздер, ендеше біздің символкалық құрамамызда оның орын алуы сұрақ тудырмайтын шығар.

 

Момоду Сисей

Клуб: «Қайрат»

Позиция: шабуылшы

Минуттар: 424

Соққылар (қақпа аңғарына): 10 (5)

Голдар: 4

Нәтижелі пастар: 0

Ойын тәртібін бұзды: 13

Оған қарсы ереже бұзылды: 10

Дәл пастардың саны: 69

Ұтымды жекпе-жектердің саны: 53

«Қайрат» жанкүйерлері Момо деп атайтын шабуылшы мамырдағы кездесулерде төрт гол салды. Әрине, Сисей Вайсстің негізгі құрамдағы ойыншыларының бірі. Өкінішке қарай, Момоду «Ордабасыға» қарсы матчта жарақат алып қалды. Владимир Вайсстың айтуынша, Сисейдің жарақаты қауіпті. Сондықтан, ол еурокубок ойындарында командаға көмектесе алмайды.

 

Владимир Никитенко

Бас бапкер

«Ақтөбе»

Матч: 6

Жеңіс: 6

Владимир Никитенко чемпионаттың басында көрсеткен деңгейді әлі де ұстанып келеді. Оның тізгінімен жасақталған «Ақтөбе» алты матчтың бесеуінде жеңіске жетті. Мамырдың ең соңғы кездесуі «Атыраумен» болған ойында командалар тең тарқасты. Алайда қалған кездесулерде «Ақтөбе» ойыншылары алаңнан жеңімпаз ретінді кетті. Алдымен «Қайрат» (1:0), кейін «Тобыл» (2:0), «Ертіс (3:0), «Шахтер» (4:0) тізе бүкті. 13-турда ақтөбелік клуб «Спартактан» (1:0) үш ұпай алды. Өткен айдағы ең маңызды жайттардың бірі – команданың бір де бір гол жібермеуі.

Эрлен АБДУЛМАНОВ