«Астана» велокомандасының «Тур де Франс» суперкөпкүндігіне баратын алдын ала болжанған құрамы анықталды, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport.

Дереккөзге сүйенсек, біздің команда мынадай құрамда өнер көрсетуі мүмкін: Винченцо Нибали, Якоб Фульсан, Танел Кангерт, Лиеув Вестра, Алессандро Ванотти, Адрей Гривко, Дмитрий Груздев және Микеле Скарпони. Командадағы соңғы орынға Фредерик Кессьякофф, Якопо Гуарньери мен Франческо Гавацци үмітті.

Естеріңізге сала кетсек, «Тур де Франс» осы жылы 5 шілдеде ағылшындық Лидс қаласында басталып, 27 шілдеде Елисей алаңында аяқталады.