Үш салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Мигель Котто WBC-дің орта салмағы категориясындағы чемпион Серхио Мартинесті жеңді.

Матч қызуқанды өтті, қос боксшы да бір-біріне сыйластық танытқан жоқ. Тоғызыншы раунд шешуші болды, Коттаның соққысынан кейін Мартинес тағы да ұлап, жерге төртінші рет жығылды. Серхио матчты жалғастыра алды, алайда тоғызыншы мен оныншы раунд арасындағы үзілісте Мартинестің командасы өз боксшысын кездесуден алып тастауды дұрыс көрді. 

Осылайша, Котто төрт салмақ бойынша чемпион атанған алғашқы пуэрториканшы атанды. Енді Минель Геннадий Головкиннің қарсыласы болуы ықтимал.