«PROСПОРТ Қазақстан» «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі ең танымал футбол бірлестігі KZ football мен біріге отырып жаңа байқау жариялайды. Бас жүлде - «Актобе» футбол клубының жейдесіДәл осы жейдені киген Юрий Логвиненко 2013 жылғы Премьер-лиганың жеңімпазы атанған.

Чемпиондық жейдені ұтып алу үшін сіз «PROСПОРТ» және KZ football-дың белгісімен (таңбасымен) суретке түсу керексіз. Редакция алқасы бес фотоны іріктеп онлайн бәйгеге салады.

Науқан маусымның 7-сі мен 10-ы аралығында жалғасады.

Аталмыш фотобәйге KZ football  тобының 2 жылдығына орай ұйымдастырылды! Қысқа мерзім аралығында бұл бірлестіктің қатары 20 000 адамға толды.  «PROСПОРТ»  пен KZ football-дың жүйелі жұмысы қазақ футболына деген қызығушылықты еселей арттырады деген сенім мол!

Фотоларыңызды prosportkz.kz@inbox.ru немесе kzfootballofficial@gmail.com-ға жіберсеңіз болады.