13 маусымда Павлодарда еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды kazsporttv.kz.

Жарыстың қорытындысы бойынша екі бірдей байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын құрама жасақталмақ. Боз кілемге алдымен еркін күрес шеберлері шығады.

Олардың қатарында Дәулет Ниязбеков, Дәурен Жұмағазиев және Ақжүрек Таңатаров бар.Бұл сынға Азия чемпионы Расул Қалиев пен жарақатына байланысты Дәулет Шабанбай қатыспайтын болды.Бас бапкер Руслан Өмірәлиевтің айтуы бойынша, ел чемпиондары Азия ойындарында бақ сынаса, жүлдегер атанған палуандар Әлем біріншілігінде күреседі.Ал маусым айының 15-ші жұлдызында қыздар күш сынасады.