Ресейлік теннисші Мария Шарапова спорттық ғұмырында Франция Ашық чемпионатының екіні мәрте жеңімпазы атанды.
 
Симона Халеп пен Мария Шарапова кездесуі 3 сағат 5 минут созылды. Тартысты өткен матчта Шараповаға сәттілік жолдас болып, Халептен басым түсті. Қорытынды есеп – 6:4, 6:7, 6:4. Жеке кездесулер саны Марияның пайдасына – 4:0.
 
Осыдан кейін белігілі болғандай, Мария Шарапова WТA рейтингісінде бесінші сатыға көтеріледі.