Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Ноттингемде өтіп жатқан ITF Aegon Trophy додасының ақтық кездесуінде чехиялық Кристина Плискованың қарсылығына тойтарыс бере алмады.

Алғашқы сетті теннисші чехиялық теннисші жеңді – 6:2, ал екінші партияда Диас 6:3 есебімен ұтты. Соңғы қорытынды үшінші партия өте тартысты жағдайда өтті, алайда біздің теннисші қызымыз екі геймде ұтылып, Плсикова жеңімпаз атанды.

 

Кристина Плискова (Чехия) – Зарина Дияс (Қазақстан) 6:2, 3:6, 6:4