Кеше Усти над Лабем шаршы алаңында  бірқатар жекпе-жектер өтті. Боксшыларымыздың бірі жеңіске жетіп желпіндірсе, енді бірі жүлдесіз қалды.

Жартылай финалда жұдырықтасқан Олжас Бұқаев ( + 91 келі) ресейлік Гасан Гимбатовқа есе жіберді. Яғни, қола жүлдені місе тұтты. Ширек финалда үш өреніміз бақ сынады. 56 келідегі Сабыр Қуаныш қана жартылай финалға шықты. Словакиялық Филип Баракты 2:1 есебімен ұтып. Ал Шаймұрат Құсайынов пен Серік Мұсаділов қарсыластарының ыңғайына жығылды. Шаймұратты жүлдесіз қалдырған ирландиялық Даррен Онейл. Грузиялық Леван Гулидани да Серік Мұсаділовтен айласын асырды.

Сонымен, жерлестерімізге кемі екі жүлде бұйырды. Оның бірі қола. Бүгін  жартылай финалда Сабырдың өнерін байқаймыз. Қоланы күміске не алтынға айырбастай ала ма? Оның жауабы ертең мәлім болмақ.

Ширек финалдың техникалық нәтижелері:

56 келі: Сабыр Қуаныш – Филип Барак (Словакия) 2:1

81 келі: Шаймұрат Құсайынов – Даррен Онейл (Ирландия) 1:2

91 келі: Серік Мұсаділов – Леван Гулидани (Грузия) 0:3

Жартылай финалдық жұп

56 келі: Сабыр Қуаныш– Артем Хотенов (Ресей)