Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин алдағы жолдастық кездесу туралы «PROСПОРТ» тілшісімен сұхбатта өз ойымен бөлісті.
- «Тараз» командасындағы жағдайыңыз көңілізден шығады ма? Не себепті «Атыраудан» кеттіңіз?
- «Тараз» клубының басшылығы мені жалға алу туралы «Атырауға» ұсыныс жасады. Таразда маған барлық жағдай жасалған, барлығына ризамын.
- Маңызды матчтарға қарағанда жолдастық кездесуде ойнаған оңайырақ шығар? Не дегенмен жауапкершілік аз...
- Бұл сұраққа жауап беру қиын болып тұр. Негізі әрқашан барлық ойынға тиянақты дайындалу керек сияқты.
- Красножан бапкермен жұмыс істеген қалай екен? Қазіргі жиын туралы өз ойыңызды айтсаңыз...
- Оның жаттығулары қызықты өтеді. Қатты қиналмаймыз. Тактикалық жаттығуларды көп жасаймыз. Барлық ойыншылардың көңіл-күйі жақсы.
- Венгрия құрамасының ойынын көрдіңіздер ма?
- Әлі толық зерттеп болған жоқпыз.
- Красножан қандай бапкер? Ал қарапайым адам ретінде?
- Ол өте мықты психолог, командада тек жақсы көңіл-күй болады. Жігіттер өзіне сенімді.
Комментарии