Келер аптада Қатар астанасы Оманда ФИФА-ның тергеу бөлімінің басшысы Майкл Гарсиа 2022 жылғы әлем чемпионатын ұйымдастырып жатқан лауазымды тұлғалармен кездеседі. Егер, бұл кездесу барысында Қатардың әлем чемпионатын өткізу құқығын пара арқылы алғаны анықталатын болса, онда 2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты басқа елде өту туралы шешім шығады, деп жазады«Алаш айнасы» газеті.Бұған дейін жазғанымыздай британдық Sunday Times газеті Катар 2022 жылғы әлем біріншілігін өз елінде өткізу үшін футбол шенеуніктеріне 5 миллион доллар көлемінде пара берген. Британдық газет бұл мәселені жай ғана жазып қоймай, ФИФА басшыларына нақты дәлелдер де көрсеткен. Осыған байланысты ФИФА-ның қазіргі вице-президенті Джим Бойс «егер Гарсианың тексеру қорытындысы бойынша қандай да бір пара беру фактісі анықталатын болса, онда әлем біріншілігін басқа елде өткізу үшін дауыс беру шарасын қайта ұйымдастырамыз», - дейді. Бұл идеяны Британияның спорт министі Грег Дайк та қолдап отыр. Ал, Британияның спорт министрі Хелен Грант футболдан төртжылдықтың басты додасы өтетін жерді әділ таңдау керектігін айтуда. Кері жағдайда қазірдің өзінде көптеген Еурапа құрамалы ФИФА-ның құрамынан шығып кетуге дайын екенін айтады. Бұл даулы мәселенің қақ ортасында қалған футболдан Азия конфедерациясының бұрынғы президенті Бин Хаммам мен 2022 жылғы әлем чемпионатын ұйымдастырушылары «сүттен ақ, судан тазамыз» деп ат тондарын ала қашуда. Сондықтан да Sunday Times газетінің ресми сауалына тек Катар басшылары ғана жауап беріп, Бин Хаммам мен оның ұлы Хамад Абдулла жауап беруден тас тартып отыр.Хаммамның статегиясыSunday Times-дың пара алды деп тізбектеп берген шенеуніктерінің көбісі негізінен әлем біріншілігін қабылдайтын елді анықтағанда дауыс беру құқығына ие болмаған. Бірақ, әу баста Бен Хаммамның жоспары мүмкіндігінше ФИФА-ның шенеуніктерін сатып алып, абыройға ие болу болған. Ал, өз кезегінде пара алған шенеуніктер Африка аймағындағы дауыс беру құқығына ие ФИФА-ның төрт бірдей өкіліне Катарға дауыс беруге итермелеген. Қолдағы бар мәліметтер бойынша, 15 жыл бойы ФИФА-ның лауазымды қызметін атқарып келген Бин Хаммам 2008 жылы Куала Лампурде өткен ФИФА-ның кезекті жиыны барысында сьезге қатысқан 25 делегатқа 200 мың доллардан таратып берген. Одан бөлек, вице-президенттің есеп-шотынан Африкалық 30 футбол шенеуніктеріне 80 мың доллардан аударылғаны белгілі болып отыр. Пара алғандардың ішінде ФИФА-ның Тринад және Табаго еліндегі өкілі Джек Уорнер мен ФИФА-ның Мұхит аймағындағы футбол қауымдастығының бұрынғы президенті Рейналд Темари бар деп көрсетеді газет. Алғашқысы Хаммамнан 1,6 миллион доллар алса, екіншісі 305 мың доллар алған екен. 2022 жылғы әлем біріншілігін Аустралия қабылдауы мүмкінОсы мәселелерге байланысты ФИФА 2022 жылғы әлем чемпионатын басқа елде өткізу туралы дауыс беру шарасын өткізуді қарастырып жатыр. Айта кетейік, негізі 2022 жылғы әлем чемпионатын қабылдауға Катардан басқа Оңтүстік Корея, Жапония, Аустралия және АҚШ мемлекеттері тапсырыс берген. Осыған байланысты егер, Катарға тағылған айыптар расталып жатса, бұл біріншілікті Аустралия өз жерінде қабылдай алатынын мәлімдеді. «Дәл қазір нақты ештеме айта алмаймыз. Менің ойымша, Катар өз тараптарына тағылған айыптарға міндетті түрде жауап береді. Бірақ, ФИФА әлем біріншілігін өткізу құқығын бұл елден алып тастайтын болса, Аустралия футбол мундиальын өз жерінде қабылдауға дайын», - дейді бұл мәселеге қатысты Аустралия футбол федерациясының президенті Дэвид Геллоп.Катардың артынша бұл даулы жағдайға Ресейде ұрынып қалуы әдбен ықтимал. Өйткені, 2018 жылы футболдан әлем біріншілігін біздің солтүстіктегі көршілеріміз қабылдайды. Ал, Ресей әлем біріншілігін өз жерінде өткізу құқығын 2010 жылы Катармен бірдей уақытта ұтып алды. Сондықтан да ФИФА-ның тергеу органдары бұл мәселені да тексеруге алған. ҚорытындыЖел тұрмаса шөптің басы қимылдамайтыны анық. Бұл жанжалға қатысты қазір ФИФА қызу жұмыс істеп жатыр. Әсіресе, бұл сауалдың басын ашып алу үшін ФИФА-ның тергеу бөлімінің басшысы Майкл Гарсия Катарға келіп, тексерулер жүргізуде. ФИФА-ның ресми сайтындағы мәліметке сүйенетін болсақ, Гарсия өзінің тексеру барысындағы құжаттарын 9 маусым күні ұйымның Лозаннадаға төрелік комитетіне тапсырады. Ал комитет шешімді Бразилиядаға әлем чемпионаты өткеннен соң қабылдайды.