Мирослав Клозе Армения құрамасымен болған жолдастық кездесуде өзінің Германия Ұлттық құрамасы сапындағы 69-шы голын соғып, неміс командасының үздік сұрмергені атанды.

Козе 68 гол соққан Герд Мюллердің рекордын жаңартты. Мирослав ойынға 67-ші минутта араласып, 76-ші минутта гол соғып, есепті  4:1-ге жеткізді. Ал жолдастық матч Германияның пайдасына 6:1 есебімен аяқталды.