Бүгін Талдықорғанда қазақ күресінен ел чемпионаты басталды. «Жастар» спорт кешеніндегі жарыста тұңғыш рет қыздар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталмақ.

Сонымен қатар, «Қазақстан Барысының» финалына жолдама алған палуандар да ел чемпионатында сынға түспек. Бәсеке 8 маусым күні аяқталады.