«KAZsport» телеарнасының директоры Диас Ахметшәріп «Sports.kz» республикалық спорт интернет-порталының тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкиннің аустралиялық боксшы Дэниэл Гилге қарсы жекпе-жегін көрсетуге қатысты жоспарымен бөлісті.

«Ия, біз шілденің 26-нан 27-не қараған түні Геннадий Головкиннің аустралиялық Дэниэл Гилмен болатын жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отырмыз. Қазір бұл мәселе бойынша келіссөздер жүріп жатыр», - дейді телеарна басшысы.