Қазақтың спорт және туризм академиясында (Алматы) күрес түрлерінен Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Біздің кадеттер Таиландта өткен Азия біріншілігінде керемет нәтиже тіркеп, әртүрлі деңгейдегі 16 медаль мен ІІ Жастар Олимпиадасына 4 лицензия жеңіп алған болатын.

Қазақстан күрес федерациясы мен спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы құрлық додасынан жүлдемен келген спортшыларды және олардың бапкерлері мен ұлттық құрама жаттықтырушыларын ақшалай сыйлықпен марапаттады.

Азия чемпиондары – 1000 $, күміс жүлдегерлер - 750 $, ал қола жүлдегерлер – 500 $ көлемінде сыйақы алды.