«Атырау» сапына Гана Ұлттық құрамасының ойыншысы Домиником Адийя қосылды.

Бұл туралы «Атырау» футбол клубының баспасөз-қызметі хабарлады. Адийя  «мұнайшыларға» тегін келді, өйткені оның бұрынғы клубы «Арсенал» 2013 жылдың соңында банкрот деп жарияланып, Украина біріншілігінен алынып тасталған еді.

Голландиялық «Фейеноордтың» Гана еліндегі мектебінің түлегі кезінде Харт оф Лайонз», «Фредрикстад» клубтары сапында доп тепкен. Атақты «Миланмен» келісімшартқа отырғанымен, «россоньери» құрамында жасыл алаңға шыққан жоқ. «Реджина», «Партизан», «Каршияк» және «Арсенал»(Киев) сияқты командаларға жалға берілген болатын.

Гана құрамасында 18 ойынға қатысып 4 мәрте көзге түскен. 20 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы. Әр сол додада үздік сұрмеген және үздік ойыншы атанған.