Жас қазақстандық ауыр атлеттер Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Жерлестеріміз 20-28 маусымда Қазанда болатын жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына дайындалуда.

Спортшыларды Олимпиадаға дайындау орталығының аға бапкері Бақыт Ахметов пен еліміздің жасөспірімдер мен жастар арасындағы бапкерлері Сергей Шевченко және Леонид Дигай жаттықтырып жатыр.

Қазанда Қазақстанның намысын қорғайтындар:

Игорь Сон (56 кг) – Қазақстан Республикасының чемпионы;

Тимур Хасаров (62 кг) – Қазақстан Республикасының чемпионы, Жасөспірімдер арасындағы Еуразия ойындарының чемпионы;

Михаил Дроздов (62 кг) - Қазақстан Республикасының чемпионы, Еуразия ойындарының жүлдегері;

Михаил Макеев (69 кг) – Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, Жастар арасындағы Азия чемпионатының жүлдегері, Қазақстан Республикасының чемпионатының жүлдегері;

Альберт Линдер (69 кг) – Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының чемпионы;

Станислав Демидов (85 кг) – Қазақстан Республикасының чемпионы, Еуразия ойындарының жүлдегері;

Елена Парфентьева (75 кг) – Қазақстан Республикасының чемпионы.