Испания елінің көп тұрғыны құрамаға Бразилиядағы әлем біріншігіндегі нәтижесі үшін берілетін сыйақыға қарсы болып жатыр, деп хабарлайды испаниялық БАҚ.

«Қызыл фурияның» ойыншылары мен бапкерлерінің алуы мүмкін сома басқа құрамалардан жоғары. Испаниялықтар экономикалық дағдарыс кезіндегі осындай бағалар өте көп деп санайды.

Сонымен, әлем біріншілігінде топ жарса әр футболшы мен бапкер 720 000 еуродан алады. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, төрт жыл бұрын бұндай жетістік үшін испаниялық спортшылар бұдан 120 000 еуроға аз алған болатын. Ширекфиналға шыққаны үшін ойыншылар 72 000 еуро алса, жартылайфиналист атанып жатқан жағдайда 180 000 еуро еншілейді. Ал финалдық матчқа қатысқаны үшін 360 000 еуро алады.

Бразилиялықтар мен француздар әлем чемпионатында жеңіске жетіп жатса, 330 000 еуро табады, Германия құрамасының ойыншылары мен бапкерлеріне берілетін сыйақы 300 000 еуроны құрайды.