Уругвай құрамасының шабуылшысы Эдинсон Кавани осы әлемдік додаға төрт жылдағыдан бұрынғыға қарағанда жақсы дайындалғанын айтты. Ол кезде Каванидің командасы төртінші орын алған болатын.

«Біз қазір төрт жылдағыға қарағанда жақсы дайындалдық. Әрине, бірінші матчымызда жеңіске жету үлкен мәнге ие. Не болса да, бір нәрсеге әрқашан ден бере алмаймыз ғой. Біз жәй ғана әлем біріншілігінде жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысуымыз қажет. Ал жеңіліс пен турнирден ұшып кету қашан да футболшыға ауыр соғады», – деді Кавани.\