АИБА Бүкіләлемдік бокс академиясында өтіп жатқан төрт құрама қатысатын халықаралық турнирдің екінші күнінде Қазақстан әйелдер құрамасы өзбекстандық қарсыластарын тізерлетті, деп хабарлайды ҚБФ-ның баспасөз қызметі.

Барлық кездесуінде де жеңіске жеткен қазақстандық команда мынандай құраммен шықты: Алина Тұрлыбаева (48 кг), Жайна Шекербекова (51 кг), Сәния Сұлтанқызы және Жанна Басқаева (57 кг), Гүлжан Өббениязова (60 кг), Азия ойындарының қола жүлдегері Саида Хасенова (64 кг), Гаухар Ермекбай (69 кг), Анастасия Рылина (75 кг).

Тек Өббениязова ғана 2:1 есебімен жеңді, қалған кездесулерде төрешілердің бәрі де спортшыларымыз басым түсті деп есептеді.

7 маусымда Қазақстан құрамасы Ресейге қарсы рингке шығады.