Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылайқорғаушысы Бауыржан Жолчиев құжаттарының дайын болмағандығынан Венгрияға қарсы жолдастық матчқа қатыспайды.

Құжатты дер кезінде жасата алмағандықтан Алматы футболының түлегі елдің бас командасына Венгрия құрамасына қарсы кездесуде көмектесе алмайды. «Астана» клубының  24-жастағы футболшысы Қазақстанда қалып, командасымен бірге ел біріншілігіне дайындықты бастайды.

Естеріңізге сала кетсек, Премьер-лиганың кезекті тур ойындары 14-ші маусым күні өтеді. Ал осы уақыт аралығында Қазақстан құрамасы Венгриямен кездесу өткізеді.