«Барселона» футбол мектебінің түлегі украиндық «Черноморец» футбол клубының ойыншысы Сито Риера «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін.

Қазіргі таңда, Риера командасыз қалғанына байланысты ел чемпионы онымен келісімшартқа отыруға ниетті. Ойыншының трансферлік құны - 1,06 млн. еуро.

Сито Риера алдағы уақытта командадан кететін Александр Гейнрихтің орнын басады.