Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Красножанның көмекшісі, қарағандылық «Шахтердің» бас жаттықтырушысы Виктор Кумыков «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында алдағы Венгрияға қарсы кездесу мен «Шахтер» жайлы айтып берді.- Венгрияға қарсы матчта Юрий Красножан жаңа тактикалық өзгерістер енгізе ме? - Аса өзгерістер болмайды. Қазіргі таңда, Юрий Анатольевич ойынға ең жақсы ойыншыларды дайындауда. Кеңейтілген тізімнен Венгрияға барлығы бара алмайтынын ойыншылар біледі.- Жаттығулар ауыр ма?- Бүгін ауырлау болды жаттығу. - Негізгі құрамда кімдер шығады?- Қазірде екі құраманы дайындап жатырмыз. Венгрияға қарсы ойынға шығатын футболшыларды кездесуге бір күн қалғанда анықтаймыз. - Бүгінгі жаттығуда Дмитрий Шомко мен Мақсат Байжанов болмады, себебі неде?- Шомко жарақатына байланысты үйіне ұшып кетті. Байжанов та бабында емес.

- Богданов «Шахтерге» ауысуы мүмкін бе?- Богданов тәжірибелі, мықты ойыншы. Дегенмен, оның «Тобылмен» келісімшарты бар.- Еуропа лигасы қарсаңында «Шахтерге» жаңа ойыншылар келе ме?- Әрине. Қорғаушы мен жартылай қорғаушы керек. Сондай-ақ, шабуылда ойнайтын бір футболшы қажет.- Жиын барысында Алматыға Александр Кировты шақырдық. Бұдан өзге, Еуропа чемпионатында ойнаған Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Никола Покревац Алматыдағы жиынға қосылады. Онымен келісімге келдік. Үшінші футболшы жайлы әлі шешім қабылдаған жоқпыз. - Алдин Джидичтің мәселесі не болды?- Жақын арада мәселесі шешілеуі тиіс. Маусымда алаңға шығады деген ойдамыз.