Алматы облысы Талғар ауданындағы AIBA Бүкіләлемдік бокс академиясында әйелдер құрамасы арасында халықаралық турнир бастау алды, деп хабарлайды ҚБФ-ның ресми сайты.

Аталмыш додада төрт команда бақ сынап жатыр – Моңғолия, Ресей, Өзбекстан және Қазақстан.

Бірінші матчта қазақстандық қыздар Моңғолиядан келген қарсыластарын сенімді жеңді. Өз кездесулерінде ӘЧ-2012-нің қола жүлдегері және Алина Тұрлыбаева (48 кг), Жайна Шекербаев (51 кг), Дина Жоламан (54 кг), Оксана Корелова (57 кг), Алуа Әбдіраимова және Фируза Шәріпова (60 кг), Зарина Цолоева (64 кг), Дариға Шәкімова (69 кг), Олимпиаданың қола жүлдегері Марина Вольнова мен Анастасия Рылина (75 кг) жеңіске жетті. Ал жеңілістің ащы дәмін Жанна Басқаева (57 кг) мен Ұлболсын Әлменова (60 кг) татты.

Бірінші күннің басқа матчында Ресей құрамасы 7:3 есебімен өзбекстандық боксшы қыздарды қапы қалдырды.