Италия құрамасының жартылай қорғаушысы Марко Верратти әлем біріншілігінде құрамада қандай рөл атқаратыны жөнінде өз ойымен бөлісті.

«Пранделли менің қай позицияда жақсы ойнайтынымды біледі. Бір жақсысы мен алаңда орын талғамаймын, алаңның кезкелген бұрышында ойнай аламын.

Қазіргі таңда жартылай қорғаушылар әмбебап болуы керек. Соңғы кездері Ұлттық құрамма сапында мен плеймейкер рөлін атқардым. Әле чемпионаты кезінде де бапкер қай орынға қояды, сол жерде ойнауға шамам жетеді. Ең бастысы мен әлем біріншілігінде елімнің намысын қорғаймын. Бұл мақтануға тұрарлықтай жағдай», - деді Марко УЕФА ресми сайтына.