Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум әлемнің экс-чемпионы Хулио Сезар Чавec-кішігі жаңа келісімшарт ұсынбақ. Алайда Арумның сөзіне сенсек келісімшартты менеджері Билли Кинмен емес, әкесі даңқты Хулио Сезар Чавес арқылы жүргізбек. Бәрі ойдағыдай болса Чавec-кіші күз айларында шаршы алаңға қайта оралады.

Чавес үшін күзде екі бірдей таңдау түсіп тұр: орта салмақтағы WBA/IBO чемпионы Геннадий Головкин  (29-0, 26 КО)  немесе супер орта салмақтағы IBF/WBA чемпионы Карл Фроч (33-2, 24 КО).

«Әрине Карл Фрочпен кездескен жақсы болар еді, алайда мен алдағы кездесулер туралы Чавес-кішінің әкесімен ақылдасқанды дұрыс деп санаймын», - дейді Арум, - «Осыған қоса, Геннадий Головкин номері бірінші қарсылас болып қалмақ. Тек шілде айында болатын Даниэл Гилмен болатын кездесуде оны ұрып жықса. Ал егерде Чавес-кіші Головкинмен кездесужен бастартса, онда Фрочпен келісіп көреміз».