Қазақстан Жастар құрамасы шымкенттік «Ордабасымен» жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.Шымкенттік команданың ойыншылары 1-ші мен 5-ші маусым аралғында кішігірім демалыс алған. Содан кейін Саулюс Ширмялис бапкер Қазақстан біріншілігіне дайындықты бастайды.ҚПЛ кезекті тур ойындарының басталуы қарсаңында осы жолдастық кездесуді өткізбек. Бір қызығы, Саулюс Ширмялис қос команданың да жаттықтырушысы. Матч кезінде клубқа жаңадан келген футболшыларды байқап көрмек.«Ордабасы» мен Қазақстан Жастар құрамасы арасындағы кездесу 8 маусым күні сағат 18:00 Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтеді.