Гана құрамасының жанкүйері бақсы жігіт португалиялық Криштиану Роналдудың жарақат алып қалуы оның арқасында екенін айтады.

Криштианудың жарақат алуы тосыннан болған жағдай емес, дейді шетелдік баспасөздер. Ганалық атақты бақсы жігіт Нана Кваку Бонсам ақпан айында-ақ Роналдуың әлем чемпионатына бармай, Гана құрамасына қарсы ойнамауы үшін барын салатынын айтқан болатын.

«Мен Криштанудың неден жарақат алып қалғанын білемін, осы үшін тер төгіп те жатырмын. Өткен аптада Kahwiri Kapam атты арнайы періні жасап шығу үшін төрт итті іздеп қайтқанмын», ‑ деді Нана. – Төрт ай бұрын мен Роналдуды әлем біріншілігіне жібермеймін деп айтқан болатынмын. Оның жарақатын ешқандай дәрігер емдей алмайды. Ауруының себебін де білмейді олар. Бүгін оның тізесі ауырса, ертең белі сыр береді, ал одан кейін, тіпті, басқа жері. Жәй ғана бұны, шынымен де, жасап жатқанымды біліңдер.»

Естеріңізге сала кетсек, Португалия футбол федерациясы жақында Роналдудың жарақат алып қалғанын айтқан болатын. Әзірше әлемнің үздік ойыншысы әлемдік додаға бара ма, жоқ па, белгісіз.