Испания құрамасының қорғаушысы Жерар Пике «Барселонадағы» әріптесі Сеск Фабрегас командадан 33 миллион еуроға кететінін байқамай айтып қойды.

Баспасөз мәслихаты басталмас бұрын Пике Испания құрамасының бас бапкері Висенте дель Боскемен сөйлесіп отырып, микрофонның қосулы тұрғанын байқамай қалды. Осылайша, барлық әңгімені БАҚ өкілдері естіп қалып, ғаламторға жариялап үлгерді.

«Сеск маған трансфердің рәсімделгенін айтты. Құны 33 миллион еуро тұрады», – деді Пике. Ал Фабрегастың қайда кететіні, әзірше, белгісіз.

Естеріңізге сала кетсек, Фабрегасқа «Челси» мен «Манчестер Юнайтед» қызығып отыр. Ал «Арсенал» мен «Манчестер Сити» ойыншыны сатып алудан бас тартқан болатын.