Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Анатолий Богданов «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында оқу-жаттығу жиыны мен «Шахтерге» ауысу мүмкіндігі туралы айтып берді.

- Жаттығу қалай өтуде?

- Бәрі тамаша. Уақытымыз аз. Сондықтан барлығын екі еселенген жылдамдықпен істеуге тура келуде. Ойыншы ретінде бапкердің айтқанын ұғынып нұсқауын орындауға тырысамыз.

- Жаттығу барысында Андрей Карповичпен қорғаныс шепте ойнап жүргеніңізді байқадық. Негізгі құрамда бірге шығуыңыз мүмкін бе?

- Жоқ, әншейін жаттығу ғой. Барлық ойыншылармен алмакезек машықтанудамыз.

- «Шахтерге» ауысуыңыз мүмкін деген сыбыс тарады бүгін...

- Бұл туралы айта алмаймын. Мәселені «Тобылдың» басшылығы шешеді. Мені командада қалдыруды дұрыс деп ұйғарса келісімге келеміз.