Венгрияға қарсы жолдастық кездесу алдында Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Красножан журналистердің сұрақтарына жауап берді.

— Юрий Анатольевич, дәл осы кезде сіздер оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырсыздар. Мақсаттарыңыз қандай?

— Уақыт өте тығыз, бірінші мақсатымыз командада ынтымақ орнату. Венгрияға қарсы матч алдындағы қысқа мерзімді тиімді пайдаланып осы аралықта ойын жүйесін қалыптастырамыз.

— Ойынға жеке тактикамен шығасы ба әлде қарсыластың ығына жығылып солардың мәнеріне бейімбелесіз бе.

— Команданың өзіндік философиясы болу керек. Бізді тек қана бастамадамыз. Сондықтан ештеңе айта алмаймын. Қарсыластың ойынын көрдік, соған қарай да машықтанамыз.

Қазақстанда бірталай уақыт өткіздіңіз. Мұндағы футолдың мен ойыншылардың деңгейі туралы қандай пікірдесіз?

— Мен мұнда футболдың деңгейі мен ойыншыларға баға беру үшін жүрген жоқпын. Оны сараптамалық мақала жазып жүрген өздерің де тамаша білетін боларсыздар. Дегенмен айта кетейін, бүгінгі таңда ішкі біріншіліктегі жақсы ойыншылар құрама қатарында. Әрине, кейбіреулері жарақатқа байланысты келе алмады.

Ұлттық құрамада жаңа ойыншылар көп екен. Бұл сіздің команданы жасартуға бағытталған жеке саясатыңыз ба?

— Дұрыс айтасыз, осындай саясат жүріп жатыр: Жастар құрамасындағы мықты ойыншылар бұдан былай жиі шақыртылады. Бұл – заман талабы. Ел намысын қорғайтын ойыншылар да қартаяды. Олар нашар ойнайды деген сөз емес, биік деңгейде ұзаққа дейін ойнауға болады. Алайда болашақ – жастардікі. Оларға да жол беру керек.

— Қазақстан чемпионатының неше матчын көрдіңіз?

— Ұлттық құраманың жаттықтырушылары - үшеу. Әр турда үш ойын көріп отырдық. Қалғанын трансляция арқылы тамашаладық.

— Маңызды кездесулерде де жастарды алаңға шығарасыз ба енді?

— Бұл сұрақтың жауабын кейінрек естисіздер. Асықпай-ақ қояйық, жаттығу барысында өздерін көрсетсін, арғысын көре жатармыз. Кейбіреулерін негізгі құрамда шығарамын, кейбіреулері тыңнан қосылады ойынға.

Ұлттық құраманың капитаны қалай таңдалады?

— Дауыс беру арқылы, жігіттер өзара шешеді.

— Венгрияға қарсы ойында қандай нәтиже қанағаттандырады сізді?

— Кездесуге жеңілу үшін шығатын бапкерді көріп пе едіңіз? Ондай адам жоқ деп ойлаймын. Біз де жеңу үшін шығамыз.

— Жолдастық кездесулердегі алдағы қарсыластарымыз сізге мәлім бе?

— Халықаралық рейтингіде бізден жоғары тұрған бес-алты құрама бар. Федерация бұл бағытта жұмыс істеп жатыр.