Футболдан Қазақстан құрамасы 7-ші маусым күні өтетін Венгрияға қарсы жолдастық кездесу қарсаңында ашық жаттығуын өткізді.

Ұлттық құрамамыз Юрий Красножанның бапкерлігімен Талғардағы базада жиналды. Ашық жаттығу алдында Юрий Анатолиевич журналистердің сұрақтарына жауап берді. Бас бапкермен сұхбат жақын арада біздің сайтымызда шығады.

Жаттығудың қорытындысы бойынша 7-ші маусымға жоспарланған жолдастық кездесуде негізгі құрамда шығатын ойыншылар анықталды. Осылайша, қақпада Андрей Сидельников тұруы керек. Қорғаушылар – Қайрат Нұрдәулетов, Сергей Малый, Константин Энгель мен Александр Кислицын. Жартылай қорғаушылар – Андрей Карпович, Анатолий Богданов және Марат Хайруллин. Үш шабуылшыны – Ұлан Қонысбаев, Сергей Хижниченко мен Станислав Лунин құрауы мүмкін.