Венгрия — Қазақстан жолдастық ойынын «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.Бұл туралы арна қызметкері Асқат Жақаев мәлімдеді. Ол өзінің Твиттер әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында: «7-ші маусым күні сағат түнгі 00:00-де «Хабар» арнасынан Венгрия — Қазақстан кездесуін тамашалай аласыздар!» - деп жазыпты.