Бүгін Бурабай баурайында жалауы желбіреген жастар арасында триатлонан Азия чемпионатының соңғы күні өтіп, біріншіліктің нәтижелері де белгілі болды.750 метрге жүгіру, 20 шақырым суда жүзу және 5 шақырымды шайтанарбада бағындыру үшін барлық спортшылар барларын салды. Дегенмен, жүзден жүйрік шығатындар қашан да табылады ғой. Бұл жолғы чемпионатта шашасына шаң жұқпаған жапон спортшылары алдарына қара салмады. Триатлон жарысының алтыны мен күмісі де Күншығыс елінің спортшыларының еншісіне тиді. Үшінші орынға Гонгог елінің жастары командасы тұрақтады. Қазақ спортшылары төртінші орынды місе тұтты.Жарыс өте тартысты өтті. Жапонияның қос командасына ілесе алмасақ та, соңғы секундтарға дейін Гонгонг командасымен Қазақстан спортшылар үзеңгі қағысып келді. Бірақ осы жолы сәттілік Гонгонг командасына тиді, – деді жарыстың бас төрешісі Владмир Светличный. Дәл қазір Бурабай баурайында спортшыларды марапаттау рәсімі басталуда.