Ресейлік «Рубин» клубының ойыншысы Александр Прудников жазғы трансферлік маусымда қызылордалық «Қайсар» сапын толтыруы мүмкін.Sport.nur.kz. сайтының мәлімдеуінше, клуб басшылығы жүлдегерлер қатарынан көріну үшін мықты әрі тәжірбиелі футболшыларға қызығушылық танытуда.Мәскеулік «Спартактың» түлегі ресейлік бірқатар клубтарда өнер көрсеткен: «Спартак», «Терек», «Томь», «Анжи», «Кубань» және «Алания», дәл қазіргі уақытта «Рубин» командасында доп тебеді. 17 ойынға қатысып, 3 мәрте көзге түскен.