Латвиялық теннисші Үлкен Дуылға додасының жартылай финалына алғаш рет шығып отыр.

 

«Ролан Гаррос» додасының ширек финалында Эрнест Гулбис чехиялық Томаш Бердыхты тізе бүктірді. 2 сағат 2 минутқа созылған корттағы тартыста Гулбис – 6:3, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Латвиялық теннисші Эрнесттің келесі қарсыласы сербиялық Новак Джокович болмақ.