Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Анатолий Богданов жақын арада қостанайлық «Тобылдан» кетуі мүмкін. 

Анатолийге ел біріншілігінің бірқатар командалары қызығушылық танытуда. Дегенмен, Богданов алдағы уақытта УЕФА Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде ойнайтын қарағандылық «Шахтерге» ауысуы бек мүмкін. Бұл туралы ойыншыға жақын тұлғадан белгілі болды.   

Богдановтың «Тобылдан» кетуі себебі қостанайлық клубтың нашар нәтижесі.