Қазақстан құрамасының және «Тобыл» футбол клубының жартылай қорғаушысы Анатолий Богданов жақында клуб ауыстыруы мүмкін.

Бұл туралы бейресми дереккөз хабарлады. Осы ақпаратқа сүйенсек, ойыншыға премьер-лиганың бірнеше клубы қызығып отыр. Футболшыны қарағандылық «Шахтер» өз сапынан көргісі келеді екен. Ал Богдановқа қызығып жатқан басқа клубтар әзірше белгісіз.

Анатолийдің басқа командаға кету себебі біреу – «Тобыл» жақсы нәтиже көрсетіп жатқан жоқ, сондықтан футболшы жоғары орындарға таласып, еурокубокта ойнайтын ұжымда өнер көрсеткісі келеді. Ал қостанайлық клубтың осы деңгейге қашан көтерілеті белгісіз.