«Ертіс» футбол клубының техникалық директоры Болат Ысқақов ауруханадан шықты. Мұнда ол белгісіз біреулер ұрып кеткеннен кейін түскен болатын. 

Бұл туралы BNews.kz хабарлады. Дереккөздің айтуынша, клуб басшысы керекті емді қабылдады. Миына жасалған ауыр отадан кейін Ысқақов бір ай бойы оңалту курсынан өтуі керек.

Естеріңізге салсақ, мамыр айында «Ертіс» - «Спартак» арасындағы кездесуден кейін павлодарлық клубтың директоры Халимжан Ержанов пен техникалық директоры Болат Ысқақовты белгісіз біреулер соққыға жығып кеткен еді.