26 шілдеде қазақстандық Геннадий Головкин австралиялық Дэниэл Гилмен күш сынасады. Бұл туралы WBA аталмыш кездесуді өткізуге рұқсатын бергеннен кейін белгілі болды.

Қос боксшы да рингке қайта шығатынына қуанышты екенін айтты.

«Madison Square Garden-де тағы да жұдырықтасатыныма өте қуаныштымын. Нью-Йорк жанкүйерлерінің алдында үшінші рет өнер көрсету мен үшін үлкен құрмет. Өз мәнсабымды жоғалтпас үшін жаттыға беремін. Дэниэл Гил әлем чемпионы ретінде тәжірибе жинаған боксшы, мен бұны асыға күтіп жүрмін», — деді Головкин.

«НВО-ға Геннадий Головкинмен кездесу үшін оралғаныма қуаныштымын, — деп бастады Гил. — Оны ешқашан жеңілмейтін боксшы деп есептейді. Бірақ енді жеңіс менің қолымда болады. Австралия жұртшылығы маған сенеді және бұл үлкен күш береді. Мен олардың ұлы чемпионы бар екенін көрсеткім келеді. 26 шілдеде әлем мені тағы да тұғырдан көреді».

Естеріңізге салсақ, кеше бұл кездесу Нью-Йорктегі атақты арена Madison Square Garden-де өтетіні туралы ресми ақпарат тараған болатын.