Юлия Путинцева ITF аясында өтіп жатқан Open Féminin de Marseille турнирінің екінші айналымына шықты.

Бірінші айналымда Путинцева украиналық теннисші Юлия Бейгельзимерді екі сетте қапы қалдырды – 6:3, 6:4.

Матч 1 сағат 35 минутқа созылды. Путинцева жалпы алғанда бес брейк жасады, ал Бейгельзимер екеумен ғана шектелді.