«Ролан Гарроста» күресті іріктеу кезеңінде аяқтаған Сесиль Каратанчаева ITF аясында өтіп жатқан Open Féminin de Marseille турнирін жеңіспен бастады. Бұл сайыстың жүлдеқоры 100000 АҚШ доллары.

Бірінші айналымдық матчта Каратанчаева турнирдің алтыншы ракеткасы серб Йован Якшичті үш сетте бағындырды – 0:6, 6:3, 6:3.