Зарина Диас ITF аясында ағылшындық Ноттингемде өтіп жатқан Aegon Trophy турнирінің екінші айналымына жолдама алды. Аталмыш доданың жүлдеқоры 75000 АҚШ долларын құрайды.

Бірінші айналымда қазақстандық теннисші австралиялық Оливия Роговсканы үш сетте жеңді – 6:2, 3:6, 6:0.