Футболдан Италия құрамасының шабуылшысы Чиро Иммобиле дортмундық клубпен келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлайды. 24 жастағы футболшы «Боруссияға» «Торинодан» ауысты. Итальяндық клубтың сапында Чиро Иммобиле Серия А-ның үздік бомбардирі атанды. Келісімшарт - бесжылдық. Трансфердің құны - 19, 5 миллион еуро.